«Пациенттермен жұмыс істеу кәсіби шеберлікті қажет етеді»
Алматы облысының жедел жәрдем станциясының мамандырылған реанимациялық бригадасының фельдшері Өміржан Қуаныш, аталмыш салаға соңғы 9 жылын арнаған. Оның айтуынша, мамандыққа жауапкершілікпен қарау керек. Өйткені адам тағдырына қатысты шешуші сәтте әр минут санаулы, әр секунд қымбат.